ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ

20:34, 18 қазан 2019

Елбасының «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Жарлығына сәйкес, қазан айының екінші жексенбісі – мүмкіндігі шектеулі азаматтар күні, ал, соңғы жексенбісі - Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып белгіленген. Осыған орай, облыс орталығында аталған қос мейрам иелеріне арналған мерекелік басқосу көрініс тапты. Шара шеңберінде әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан үздік мамандар марапатталып, табанды еңбектері үшін төстеріне медаль тақты.

Бұл жиын «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» деген ұран аясында іске асты. Мүмкіндігін тағдыр тарылтқан жандардың көңілін аулау - кімнің болса да кісілік парызы.  Осы орайда әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар жан жылуын сыйлап, шамаларынша кез келген жәрдемін жасайды. Сондықтан, көмекке мұқтаж жандар мен әлеуметтік сала өкілдерінің өзара байланысы да бекем, мерекелері де мазмұндас.

Қамқорлық көрсету, әуелі, әлеуметтік қорғау мекемелерінің мінсіз қызметі арқылы орындалады. Жәрдемақы мен төлемдердің және қызметтердің әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға бағытталып, мұқтаж азаматтарға тепе-тең әрі әділ түрде бөлініп, жаппай қамтылуы - аталмыш жүйе жұмысының жемісі. Бұл ретте, сол салада сан жылдар бойы қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі ерен.

Әлеуметтік қызметкер болу үшін әуелі темірдей төзім керек. Қамқорлыққа зәру жандардың сұраққа жауап бергенін, тапсырманы орындағанын күту, жұбату біраз күш-жігерді талап етеді. Ол – тек осы сала мамандарының ғана қолынан келетін іс. Сондықтан, әлеуметтік қызметкер болу оңай емес. Оған тек үлкен жүрек иелері ғана бара алады.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар