ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АРТАДЫ

20:35, 19 қараша 2019

Биыл ақпан айында Елбасы бастамасымен «Бақытты отбасы» жобасы қолға алынған болатын. Облыстық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының айтуынша, бұл бастаманы Қостанай кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері қызу қолдаған. Игі жобаның аясында олар тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларды отын-сумен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысқан.

Облыста 4 және одан да көп балалары бар 5086 отбасы тұрады. Олардың арасынан кезек бойынша мұқтаж жандарға 50 үй мен пәтер берілген. Жалпы сомасы 93 млн теңгеден асады. Игі жобаны жүзеге асыруда Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қарабалық, Науырзым, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Лисаков, Рудный және Қостанай қалаларының кәсіпкерлері белсенділік танытқан.

Таяуда облыста қаржылай мүмкіндігі жоқ көпбалалы және аз қамтылған 454 жанұяға қажетінше көмір, ағаш түсірілген. Атап айтсақ, 9,5 млн теңгеге 609 тонна көмір және 269 текше метр отын жеткізілген. Мұның сыртында 1 462 отбасы азық-түлікпен, 39 отбасы 98 тонна мал азығымен қамтамасыз етілді. Барлығына 28 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. 22 отбасының коммуналдық қызметтер үшін қарызы өтелген және энергиямен жабдықтауды қалпына келтіруге 4,9 млн теңгеге көмек көрсетілді.

Бір айта кетерлік жайт, бүкілхалықтық «Бақытты отбасы» бағдарламасына биыл тағы да қосымша қос бағыт енгізіліп отыр. Олар: мүгедек балалары бар отбасылар және толық емес жанұялар. Жақсылық жаршысына айналған жоба аясында осы отбасыларға да тиісті көмек көрсетілетін болады.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА
20:30, 7 шілде 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
22:10, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...