ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

20:47, 21 қазан 2019

Тағдыр тауқыметіне тап болған жандар мемлекеттің қамқорлығынсыз қалып жатқан жоқ. Қостанайдағы өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық баспанасыз жүрген 40-тан астам азаматқа пана болып, барлық жағдайларын жасап отыр. Көбі еңбекпен қамтылып, тұрмыстарын түзетуге талпынуда.

Қиын сәтте көмек қолын созған жандарға алғысы да шексіз қарияның. Осыдан 3 жыл бұрын бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жасалады. Орталықтың жағдайы едәйуір жақсарғанымен жаңа стандарттарға сай орын саны екі есе қысқарған. Қазір мұнда 42 адам тұрып жатыр. Оның 13- і мүгедектер, 12- і әйелдер, 11- і зейнеткерлер, және 2- уі түрмеден босап шыққан азаматтар. Жыл басынан бергі аралықта орталықтың көмегіне 94 адам жүгінген. Орталықтың бірінші міндеті қиын жағдайдға тап болған тұлағалардың құжаттандыруға көмектесу.

Орталықта оларды қоғамға қайта бейімдеу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік, медициналық, құқықтық, психологиялық тұрғыдан көмек көрсетіледі. Қос қолға бір күрек тапқандары да аз емес. Сондай-ақ, тұрғылықты мекен жайы жоқ жандар үшін қосымша түнгі уақытта болу бөлімшесі жұмыс істейді. Ол 50 орынға лайықталған.

Жалпы, мамандар соңғы кездері бейімдеу орталығына түскен панасыз жандардың арасында мүгедек кісілердің көбейгенін айтады. Оларды қоғамға бейімдеу мен оңалту шаралары көп уақыт алады.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...