ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ: 20 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

20:42, 10 қазан 2019

Тұңғыш Президентіміз – Елбасының халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған ауқымды жобаларының арқасында елдің еңсесі көтерілді. Әсіресе, баспана құрылысының қарқын алып, қаншама адамның өз үйіне қол жеткізуі халықты қатты қуантып отыр. Бүгін Қостанайда пәтер кілтіне ие болған 20 көпбалалы отбасы осылай деді. Қоныс тойын тойлаушыларға біздің түсіру тобымыз да құтты болсын айтты.

10 жылдан артық кезекте тұрған 20 отбасы үшін бұл ерекше күн. Олардың барлығы да көпбалалы. Бұған дейін пәтер жалдап келген. «Кезек жетті, кілтті алуға келіңіз» дегенде сенер-сенбесімізді білмедік. Осынша тез болады деп ойламағанымызды да жасырмаймыз. Бұл Елбасымыздың, Тұңғыш Президентіміздің арқасында жүзеге асқан шаруа. Мемлекеттің халыққа деген қамқорлығы дейді көпбалалы аналар.

Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы аясында биыл Қостанай қаласы бойынша әкімдік 575 млн теңгеге 50 пәтер алуды жоспарлаған. Соның жартысынан астамы кезекте тұрғандарға берілді. Баспана саны жыл соңына дейін 80-ге жеткізілмек.

Айта кетейік, Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, елімізде әлеуметтік салаға қолдау артып отыр. Басты бағыт – баспана сатып алуға мүмкіндік жасау, жәрдемақы көлемін ұлғайту, жалақы көлемін ұлғайту, баспана сатып алуға мүмкіндік жасау, жәрдемақы, жалақы көлемін ұлғайту.

Қандай қиын жағдай болмасын біздің мемлекет әлеуметтің әлеуетін көтеруді тоқтатқан емес. Ал нарықтық экономикада мұндай қадамға кез келген мемлекеттің бара бермейтінін ұмытпау керек.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар