ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: АНЫҚТАМАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ

20:46, 11 қазан 2019

Тиісті мемлекеттік қызметті өз бетінше алу. Ғимараттарға сандық қолтаңбамен кіріп, уақытты үнемдеу. Қолжетімді қызметтер мен сервистердің түрлері күн санап артуда. «Электронды үкіметтің» жүйелі жұмысының нәтижесінде, енді анықтамалар әлеуметтік желілерде де қолжетімді бола түсті.

Мәтін: Халыққа қызмет көрсету орталығы енді смартфонда! Елімізде 34 мемлекеттік қызметі әлеуметтік желілердің сервистеріне бірікті. Нәтижесінде, кедергісіз, тосқауылсыз қызмет көрсету қағидаты жойылды. Мамандар, «Фейсбук», «Вконтакте» әлеуметтік желілерінде мобильдік базаға тіркелуге, «ТелеграмБот» арқылы анықтамаларды алуға, жалпы жаңа қызметті қалай қолдану керектігін түсіндіру бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Жылжымайтын болуы не болмауы туралы анықтама, сотталғандықтың болуы не болмауы сынды электрондық қызметтердің әлеуметтік желіде қолжетімді болуына байланысты мемлекеттік корпорация халық арасында қызметтерді онлайн алуды үйрететін шаралар өткізіп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда.

Сондай-ақ, 1-ші қарашадан бастап енді мекемелерде мекен-жай анықтамасы талап етілмейді. Бұл - Ішкі істер министрілігі мен басқа да мемлекеттік органдардың дерекқорларының бірігуі нәтижесінде іске асып отырған жұмыс. Аталмыш үрдіс қағазбастылықты жою мен мемлекеттік қызметтерді алу уақытын қысқарту үшін жасалып отыр дейді мамандар.

Мамандардың айтуынша, үкімет ұсынған қызметтерді халық ақпарат алмасудың жылдамдығы арқасында тез меңгеруде. Керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды үкіметтің игілігі. Ал электронды құжат – экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық. Үкіметтің бүгінгі ұсынып отырған электронды қызметтері алдағы уақытта одан әрі арта түспек.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар