ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ

20:38, 8 қараша 2019

Облысымызда мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту мақсатында жауапты ведомстволармен бірталай іс атқарылуда. Биыл Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментімен бірқатар жобалар іске асырылды. Қажетті құжаттар әзірлеуде әсіресе электронды үкімет жобасының тиімділігіне көз жеткізіп жүр тұрғындар. Жақын арада тағы бірнеше қызметтер онлайн жүйесі арқылы қолжетімді болмақ.

Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің бастамасымен қолға алынған жобалардың тиімділігі жөнінде айтылды. Мемлекеттік қызметті оңтайландыру мақсатында салаға сандық технологиялар енгізілді. Келер жылы 13 қызмет автоматтандырылады. Электронды тәртіпте көрсетілетін қызметтердің үлесін 2020 жылға дейін 90% жеткізу межеленген. Бұл көптеген олқылықтыардың алдын алуға ықпал етпек.

Мемлекеттік корпорацияның жұмысы ұдайы бақылауда. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен 500 мыңға жуық қызмет түрлері онлайн желісі арқылы іске асырылды. Дегенмен, бизнес – процесстер бойынша бүгінде қателіктер көп тіркеледі.

Тұрғындардан келіп түскен барлық талап өтініштерге талдау жасалды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментімен мемлекеттік қызмет сапасын жетілдіру бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасады.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
20:49, 15 қараша 2019
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
20:41, 13 қараша 2019
30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...