ШҰҒЫЛ! Астананың 20 жылдығына орай облыста 1500 іс-шара өтеді Толығырақ

Электронды қызмет көрсету көлемі артқан

13:16, 13 қараша 2017

Азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу мәселелері Елбасы тапсырған басым бағыттардың бірі. Осы ретте іске қосылған «Сот кабинеті» сервисі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, сондай-ақ сот жүйесінің анықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сала мамандарының айтуынша, бүгінде күн сайын электронды қызметті жүздеген адам пайдалануда.

Жедел, қолжетімді, анық. «Сот кабинеті» азаматтарға талап-арыздарды, өтініш хаттарды электрондық құжат нұсқасында беруге мүмкіндік береді. Сол сияқты, барлық төлем түрлерін онлайн режимінде төлеуге болады. Аталған қызметті  пайдаланушылар саны биыл арта түскен. Кәсіпкерлер үшін де қолайлы. Бейнебайланыс арқылы өткен семинарда «Бизнесті сотта қорғау» жобасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан шаралар да баяндалды. 

Семинарға қатысушылар отандық бизнес үшін қолайлы жағдай жасау, инвестициялық тартымдылықты арттыру – мемлекет үшін маңызды екенін тілге тиек етті. Шара барысында кәсіпкерлердің құқығын қорғауға қатысты мәселелер де талқыланды. 

Жиында, «Сот кабинеті» электронды сервисінің де кәсіпкерлер арасында кең қолданылатыны айтылды. Жүйе іске қосылғаннан бері 50 мыңнан астам құжат электронды түрде тіркеуге алынған.   

Тақырып бойынша материалдар

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі
16:02, 22 ақпан 2018
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп бер...
Толығырақ...
«Ақпарат саласының саңлағы» атты кездесу өткізілді
16:00, 15 ақпан 2018
«Ақпарат саласының саңлағы» атты кездесу өткізілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі
16:02, 22 ақпан 2018
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп бер...
Толығырақ...
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді
12:00, 20 ақпан 2018
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді
Толығырақ...