ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

20:30, 18 қазан 2019

Бүгін Елордада еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен алқалы жиын өтті. Мәжілісте болған маңызды жиналысқа Үкімет мүшелері мен Нұр Отан партиясының фракциясы қатысты. Партияның сайлауалды бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысы талқыланды. Осы бағытта атқарылып жатқан шаруалардың есебі тыңдалды.

Елбасы төрағалық еткен бұл жиында «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы қаралды. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, көптеген оң нәтижелерге тоқталды. Үш жарым жылдың ішінде 430 мыңнан астам жұмыс орны құрылғаны, 2 мың 700 шақырым жол салынғанын, Еуразиялық құрлықаралық дәліз іске қосылғанын, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 28% жеткенін айтты. Бір жылда Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 8 сатыға көтеріліп, 28 орынға шыққаны оңды нәтиже екенін мәлімдеді. Атқарылған шаруаға тоқмейілсімей, әрі қарай даму үздіксіз жұмыс істеп, халықтың үдесінен шығу керектігін ескертті.

Елбасы өңірлерді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру барысына ерекше тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл стратегиялық бағдарламалар ресми түрде жүзеге асырылуда. Олардың орындалуына тиісті бақылау жоқ. Кейбір тармақтар мүлдем орындалмайды. Жоспарланған көрсеткіштерге үнемі түзетулер енгізіледі деді.

Сонымен қатар, Елбасы депутаттардың аймақтарға жұмыс сапары ретін қайта қарауды тапсырды. Халықтың үнін, мұң-мұқтажын, арыз-шағымын есту үшін партияның қоғамдық қабылдау бөлімінде бірінші басшылардың тұрғындармен кездесуін жандандыру қажеттігін айтты.

Премьер-Министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа атқарылып жатқанын шаруалар жөнінде баяндама жасады.  «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансқұрлықтық көпірге айналды, көлік инфрақұрылымын жаппай жаңғырту жүргізіліп жатыр деді. Келесі жылы негізгі транзиттік автомобиль дәліздері бойынша жол жүру қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин сайлауалды бағдарлама туралы баяндама жасады. Парламент партияның сайлау алдындағы міндеттемелерін орындауға бағытталған 72 заң қабылдағанын жеткізді. Қазірдің өзінде 112 міндеттеменің 31-і толық орындалғанын атап өтті. Сонымен қатар алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасы қазіргі уақытта депутаттар жұмысында, ал депутаттық корпус партияның қалған сайлау міндеттемелерін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

Елбасының төрағалығымен өткен бұл жиында елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын одан әрі арттырудың әрбір бағыты жан-жақты пысықталды. Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке, Парламентке және партияның жауапты тұлғаларына жұмылған жұдырықтай бірігіп, халықтың табысын арттырып, тұрмысын түзеу жолында аянбай еңбек ету керектігін ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар