ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕЛБАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

20:30, 3 қыркүйек 2019

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің бөлімшелері мен құрамаларының жауынгерлік даярлығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалды.Сонымен қатар, Елбасына осы уақытқа дейін өткізілген және жыл соңына дейін жоспарланған ауқымды жаттығулар жайы да айтылды. Әсіресе, басшылық лауазымдардың санын қысқарту және басқару құрылымын оңтайландыру бойынша жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті келесі жылы елордада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы және Отан қорғаушы күніне аралаған Әскери парадтың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.Өз кезегінде Нұрлан Ермекбаев Қазақстан армиясының құрылыс және даму бағдарламаларының орындалуы туралы баяндады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар