ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА!

20:35, 5 шілде 2019

Сарыарқа төсінде сән түзеген, үлкен де, кіші де сүйсіне қарайтын Нұр-Сұлтан қаласына биыл – 21 жыл. Ерке Есілдің жағасында жаңа ғасырда бой тіктеген сұлу шаһар береке-бірліктің алтын ордасына айналып үлгерді. Көрікті қаламыздың кезекті туған күні жер-жерде жоғары деңгейте тойлануда. Отан өміріндегі асқақ мереке облыс орталығында сән- салтанатымен көрініс тауып, жергілікті тұрғындар назарын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қазақ даласының қақ төрінде орын тепкен елорда 21 жыл уақыт аралығында қара шаңырақ астында дүниеге келіп, көк әлемімен тілдескен зәулім ғимараттар тұрғызып, құтты қонысқа айналды. Қазір астанамыз қысылып-қымтырылмай жаһан халқымен иық тірестіріп тұратын зор дәрежеге жетті. Қазақстанды асқар асуларға бет алған керуен десек, Астана – оның адастырмас темірқазығы. Осындай ой айтқан облыс әкімі ел тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтады.

Жұмыр жерде қаншама шырайлы шаһар бар. Зәулім-зәулім үйлері зеңгір көкпен таласып, сәулет өнерінің өрнегін сан құбылтқан сол қалалардың ішінде біздің астанамыз -  інжу-маржан іспетті. Екі онжылдық аралығында алашты әлемге танытқан елорда – барлық қазақстандықтардың мақтанышы.

21 жасқа толған жасампаз қаламыз – осы күні Орта Азиядағы бас қалалардың біріне айналды. Ол - әлем бойынша сәулет өнері мен қала салу ісіндегі жаңашылдықтың батыл үлгісін айқындаған шырайлы шаһар. Сұлулықтың символы саналатын ел астанасы жайлы Тобыл тұрғындарының ортақ ойы осындай.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
20:32, 22 шілде 2019
ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...