ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

20:30, 5 наурыз 2020

Экологиялық кодекс төңірегінде тартыс тыйылмай тұр. Заң жобасын талқылауға қатысып жатқан кәсіпкерлер ауаны ластаушыларға салынатын айыппұлдың көлемі тым көп екенін айтып жатыр. Қоршаған ортаны қорғауға арналған заң жобасы бүгін Мәжіліс депутаттарының көшпелі отырысында талқыланды. Маңызды құжат экологиялық жағдайын жақсарта ала ма? Жалпы елімідің ауасы қаншалықты лас? Тілшіміз айтсын.

Экологиялық кодекс депутаттармен кәсіпкерлердің бас ауруына айналғандай. Былтырдан бері талқыланып жатқан заң жобасы бүгін тағы дау тудырды. Құжат ауаны ластап жатқан кәсіпкерлерге ұнамай отыр. Өйткені олар үшін айыппұлды 10 есе арттыру көзделген. Әрі қою түтін будақтайтын мұржаларына сүзгі орнатуға міндеттелмек. Талапты орындамағандар үшін салық, яғни эмиссия мөлшері алдымен 2 есе, егер тәртіпке бағынбаса, 8 есеге дейін арттыру қарастырылған.

Осылайша қалтасының қамын күйттеген кәсіпкерлер кодекс осы күйінде қабылданса, банкрот боламыз деп отыр. Ал осы кезде жағдай жыл өткен сайын ушығып барады. Әсіресе Атырау, Өскемен, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған қалалары өте лас. Тіпті бірнеше ай бұрын Теміртауға «қара қар» жауғаны есте. Сондықтан ауаны ластайтындармен қатаң күресті қазірден бастау қажет дейді экологтар.

Депутаттар да айыппұл – мәселені шешетініне сенімді. Бірақ, бизнестің ұсынысын да ескереміз деп отыр.

Сондықтан ешкімге кедергі келтірмейтін  заңды тезірек қыбалдау керек дейді мамандар. Өйткені, лас ауаны айтпағанда, елімізде 47 млрд тонна қатты қалдық бар. Өкініштісі ол азаймай, керісінше, жыл сайын 1 милрд тоннаға толығып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...