ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕКІ ЕЛ ДӘРІГЕРЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

20:30, 14 шілде 2020

Қазақстандық және ресейлік медицина мамандары тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдырған. Қазіргі таңда бүкіл әлемде ғалымдар мен дәрігерлер коронавирус инфекциясын емдеудің тың тәсілдерін зерттеп, өз білгендерін бөлісіп келеді. Медициналық қоғамдастықтың ынтымақтастығы мен екі елдің жоғары басшылығы арасындағы келісімнің арқасында Ресей және Қазақстан дәрігерлерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріліп отыр.

Ресей дәрігерлері қостанайлық әріптестерімен тәжірибе алмасып, індеттің таралуын шектеу үшін иық тіресе жұмыс істеуге мүдделі. Тиісті келісім Қостанай облысының және РФ екі өңірінің губернаторымен жасалған болатын. Осы ретте Тобыл мамандары онлайн режим  арқылы көрші ел дәрігерлерінің дәрісін тыңдайды.

Екіжақты тәжірибе алмасу деңгейінің жоғары болатынына үміт – үлкен, сенім - басым. Қазіргі уақытта Қостанай облысы аумағында эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан, пациенттерді емдеуде әдістемелік тың кеңестер айтылып, ортақ проблеманы шешу үшін күш жұмылдырылып отыр,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Тобылдық әріптестеріне дәріс оқитын ресейлік дәрігерлер арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог, пульмонологтар да бар. Екі апталық тәжірибе алмасу барысында РФ мамандары тек қана кеңес берумен шектелмей, науқастарды емдеуге телекөпір арқылы атсалысады.

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...