ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ЕКІ БАЛЫҚШЫ СУҒА БАТЫП КЕТТІ

20:16, 18 қараша 2020

Қостанайда балық аулауға барған екі ер адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар департаментіне Қостанай ауданының Жданов селолық округіне қарасты Аққабақ ауылынан 2 шақырым жердегі өзен басында әлдекімдердің балық аулау құралдарын қалдырып кеткендігі туралы хабарлама түскен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына жөнелтілген. Су астынан іздестіру жұмыстары барысында өзеннің жағадан 150 метрдей тұсынан 68 және 78 жастағы ер адамдардың денесі табылып, тысқа шығарылды. Марқұмдар мұздың жұқалығына қарамастан, қауіпсіздікті қаперге алмай, өзен ортасынан балық ауламақ болған. Құтқарушылар балық аулауға әуес азаматтарға мұз үстіне шықпас бұрын қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармауды ескертеді.
 

Құтқарушылардың айтуынша, жыл сайын ауа-райының қолайсыздығына және мұздың жеткілікті қатпағанына қарамастан, жергілікті балықшылар балық аулауға шығады және келеңсіз жайттарға тап болады.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
20:04, 26 қараша 2020
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...