ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

20:34, 30 мамыр 2019

Қостанайда нәзік жандылардың саяси саладағы белсенділігін арттыру мәселесі талқыланды. Ішкі саясат басқармасы мұрындық болған жиында саясаткер әйелдер клубы жұмыс жоспарын белгіледі. Оның бір парасы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен міндеттерді орындауға қатысты.

Гендерлік саясат - тек әйелдердің саяси сахнадағы көшбасшылық қабілетін дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайтумен ғана шектелмейді. Тұтас қоғамның маңызды бағыттарын қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда саясаткер әйелдер клубының мүшелеріне  жүктелер міндет көп. Басқосуда қоғамдық – әлеуметтік мәселелерді шешудегі аймақ аруларының рөлі, Тұңғыш Президент  белгілеген тапсырмаларын  іске асырудағы  міндеттер сөз болды.

Белсенді бикештердің басын қосқан бұл іс - шараның  діттегені де  сол. Әйелдер арасындағы іскерлік байланысты нығайту, басшылық қызметтегі мемлекеттік мекемелерге  кадрлық резервтер қалыптастыру мақсатында облысымыздың аудан - қалаларында  саясаткер әйелдер клубы бой түзеді.  Олардың мүшелері ілкімді істерімен өңірдегі  гендерлік теңдікті және отбасы-демографиялық жағдайды көтеруге ықпал етуде. Былтыр Қостанай облысы табысты әйелдер журналы жарыққа шықты. Онда соңғы 20 жыл ішінде астықты аймақтың өркендеуіне салмақты үлес қосқан 25 арудың есімі енген болатын.

Біздегі депутаттардың 32  пайызы нәзік жандылар. 7 әйел  аудан, қала әкімдерінің орынбасары лауазымына тағайындалған. Бикештердің 43 пайызы кәсіпкерлік саланы тізгіндеген.

Жиын барысында нәзік жандылар  гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарды дамытудағы ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы,  маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруда аймақ арулары қашанда  іскерлік  шеберліктерімен ерекшеленген. 

Тақырып бойынша материалдар

100 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
20:57, 13 қыркүйек 2019
100 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:53, 13 қыркүйек 2019
«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...