ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ӘДЕПСІЗДІК ТАНЫТҚАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

20:56, 11 қыркүйек 2019

Дауыс көтергені үшін айыппұл төледі. Әдеп жөніндегі кеңесте қызмет этикасын бұзған Бейімбет Майлин ауданындағы мемлекеттік мекеме басшысына қатысты іс қаралды. Сөздерінше, мұндай әрекет мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан бұл өзгелерге сабақ болуы керектігі тілге тиек етілді.

Әдеп жөніндегі кеңесте Бейімбет Майлин аудандық әділет басқармасының басшысына қатысты іс қаралды. Келеңсіз оқиға маусым айында болды. Лауазымды тұлға  қоғамдық орындардың бірінде белгілі бір азаматшаға тіл тигізіп, дөрекі мінез танытқан. Ашуға бой алдырған мемлекеттік қызметкер жағымсыз қылығы жазасыз қалмады. Рудный қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында осы іс қаралды.

Ұсақ бұзақылық. Әкімшілік сот басшыға осындай жаза тағайындауды ұйғарды. Әдепсіздік танытқан лауазымды тұлға шенеунікке 12 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Әдеп кодексі талаптарын бұзған лауазым иесі өз кінәсін толығымен мойындайды.

Кеңес отырысында мәлім болғандай биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында 437 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 24 пайызға төмен. Сөздерінше, қызмет этикасын бұзуға қатысты әрекет мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретінін айтады кеңес мүшелері.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 468 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ
20:55, 16 қыркүйек 2019
КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 468 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
20:49, 16 қыркүйек 2019
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
21:02, 11 қыркүйек 2019
«ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ» АТТЫ КЕШ ӨТТІ
Толығырақ...