ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

«Е-ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

20:20, 13 қазан 2020

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын орындау бойынша Әділет органдары халыққа тиімді жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі - «Е- заңгерлік көмек» деп аталатын бірыңғай ақпараттық жүйесі. Электронды алаңда заңгерлік көмектер: еңбек қатынастары, қаржылық қызметтер, неке сияқты бірншеше категорияға бөлінген. Азаматтар тиісті бағыт бойынша ақпараттық жүйе арқылы адвокаттың көмегіне жүгіне алады. Әділет департаментінің мамандары айтады, жобаның басты артықшылығы - мәселенің тиімді шешілуі мен уақыт шығынының қысқаруында.

Бүгінгі күні әділет органдары саласында «Е- заңгерлік көмек» бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Басты мақсат- халыққа мамандандырылған заңгерлік көмек көрсету. Яғни, тұрғындар онлайн режим арқылы құқықтық кеңес  ала алады. 

Осылайша,  азаматтар  тиісті бағыт бойынша ақпараттық жүйе арқылы  адвокаттың көмегіне жүгіне алады. Бұл жобаның тағы бір артықшылығы. Бірыңғай ақпараттық базада  Қазақстан республикасының  жоғарғы соты және Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігімен интеграцияланған. Белгілі бір мәселе бойынша шұғыл қорғаушы қызметі тағайындалып,  мемлекет есебінен заңгерлік көмек ұсынылады.

Мысал  үшін, құзырлы органдардан  қандайда бір ақпарат  алу үшін адвокаттар ең кем дегенде  3- 5 күн кетеді. Жаңадан қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйенің көмегімен  енді бұл  15-20 минутқа қысқарып отыр. Одан бөлек, бірыңғай базада құқықтық көмек бойынша сұрақ- жауап тетіктері қарастырылған. Жақын күндері, «Е- заңгерлік көмек» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы әзірленбек.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...