ШҰҒЫЛ! «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА ТЕЛЕМАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ Толығырақ

ДРУЖБА АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ШАҒЫМЫ

09:23, 12 шілде 2018

Дружба ауылындағы Молодежный көшесі қашан жөнделеді? Осылай деп шағым айтқан тұрғындар, бүгін редакциямызға хабарласты. Айтуларынша, ауылдағы жолды жөндеуге қомақты қаржы бөлінген. Алайда, жөнделген жол жоқ дейді олар. Тұрғындар жаңбыр жауса үйден шыға алмай қаламыз дейді. Ал, бас ауырып, балтыры сыздаса жедел-жәрдем жете алмайды. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Ерболат Аханов біліп қайтты.

Төлеу Нәрікбаев Дружба ауылында тұрады. Ол  Молодежный көшесінің байырғы тұрғыны. Ақсақал   жолдың азабын тартып жүргендердің бірі. Жүріп тұруым қиынға соқты дейді, қария. Көше жолының кедір-бұдыр боп жатуы көңілге кірбің түсіредігін айтады.  Бұған дейін,  болған  құмды жолдың үстіне ұсақталған тас төселген еді. Алайда, құрылысшылар сап-сау көшені қырық-шұрық қылған.  Көңілі толмаған қария  «төзімім таусылды» деп наразылық танытуда.

Ерлан Сағымбаев та осы маңда тұрады.  Өткен жылдары қар еріп, су деңгейі көтеріліп, көктем мезгілінде мазасы кеткендігін айтады.  Әсіресе, көлікпен жүру мүмкін емес.  Жаңбыр жауса болды, етікпен су кешуге мәжбүр.

Әркімге жалтақтап, көмек сұраудан шаршаған тұрғындар көшені қалыпқа келтіруге өздері кіріскен. Адам жүретін жерлерге тақтайлар тастап, жол жасаған. Ал, ойдым-ойдым боп қазылған шұңқырлардың бетін таспен жауыпты. Тұрғындарды  денсаулығы сырқат жандардың жағдайы қатты алаңдатып отыр.

Молодежныйға  дейінгі көшеде жол төселген.  Мұндағы тұрғындар  ашық-шашық жатқан канализация құбырларына ойын ойнап жүрген баласының түсіп кетпесіне ешкім кепіл бере алмайтынын айтуда.  Осы уақытқа дейін көтерілген, бірқатар мәселе ретімен шешімін тапты, газ келді, су құбыры жүргізілді, бірақ, жолдың жайы сол күйі шешілмеді.

Мәселенің ақ - қарасын білмек боп, біз де құрылыс әкімдігі мамандарына хабарластық. Сөздерінше, биылдан бастап жол жөндеу жұмыстарына АБЗ серіктесгі кіріскен.Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандар, 18-ші нөмірлі автобустың бағытының  айналмалы болуы жоспарлануда. Дружба ауылынында 14 шақырым жол төселеді. Бөлінген қаражаттын 80 пайызы игерілген.   
 

Жергілікті тұрғындар жол мәселесінің шешілетініне сеніммен қарайды.  Әзірге ауа райы ашық қабақ танытып отыр.  Ал жаңбыр жауса  тұрғындарға әлі де саз балшық кешіп жүре тұруға тура келеді

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІНЕ ДАУЫС БЕРЕЙІК!
13:12, 18 қыркүйек 2018
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІНЕ ДАУЫС БЕРЕЙІК!
Толығырақ...
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13:09, 18 қыркүйек 2018
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІН ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
13:06, 18 қыркүйек 2018
ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІН ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕРІҢ - ТҰҒЫРЫҢ!
13:17, 12 қыркүйек 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕРІҢ - ТҰҒЫРЫҢ!
Толығырақ...