ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ДМИТРИЙ ГЕРАСИМОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

20:35, 25 ақпан 2020

Қостанайда танымал дәрігер, балалар травматологі және ортопед Дмитрий Герасимовты еске алу кеші өтті. Денсаулық саласы үздігінің өмір жолы мен атқарған ерен еңбегі жайлы естеліктер айтылды.

Аты облыста аңызға айналған дәрігер тірі болса әлі талай баланың дертінен айығуына көмектесер еді. Қарапайым, мейірімді, өз ісіне адал. Қостанайдағы №29-шы мектеп ұйымдастырған шараға жиналғандар осылай деп Дмитрий Герасимовты еске алысты. 

Қостанай қаласының тұрғыны Сәуле Дәулетбайқызы еске алу кеші болатынын естіп, арнайы келіпті. Оқушыларға Герасимовтың қандай білікті маман болғанын айтып, үлгі ету үшін. Кезінде кішкентай қызы қатты науқастанып, оны Дмитрий Владимировичтің аман алып қалғанын айтып, көзіне жас алды.

Еске сала кетейік, облыстық балалар аурухансының травматолог-ортопеді осыдан бір жыл бұрын өмірден озды. Ол Денсаулық саласының үздігі, «Алтын жүрек» марапатының иегері, Әуежай шағын ауданындағы көшелердің біріне Дмирий Герасимовтың есімі берілді.  



 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
20:38, 27 наурыз 2020
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МАСКА ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар