ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ДИПЛОММЕН - АУЫЛҒА

20:30, 27 шілде 2020

Ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен баспана, 300 мың теңгеге жуық қаржылай көмек және мансаптық перспектива! Бұл «Дипломмен – ауылға» беретін басты мүмкіндіктер! Әйтсе де, өңірде әлі күнге мемлекеттік қызметшілер жетіспейді. Мамандардың қызығушылығын арттыру үшін 10 жылдан астам сәтті жүзеге асқан бағдарламаға өзгерістер енгізілген.

«Дипломмен - ауылға» жобасы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жасалып, жүзеге асырылды. Әлеуметтік қолдау ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген және сертификатталған мамандарды ынталандыру үшін көрсетіледі. Енді жас мамандарды ындаландыруға 100 АЕК немесе 277 800 теңге мөлшерінде жәрдемақы және  тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 0,01% пайыздық бюджеттік несие беріледі. Несие мерзімі - 15 жыл, максималды сомасы - 4 миллион 100 мың теңге.

Осы мүмкіндікті пайдаланып жас мамандар тұрақты табысқа, әлеуметтік кепілдіктерге ие болады, мансап сатысында көтеріліп, өздеріне ұнайтын іспен айналысады. Осылайша, қоғамға пайдасын тигізеді. Ауылдарда негізінен денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар сұранысқа ие.

Енді мемлекеттік қызметке енді кіріскен жас қызметкерлер үшін, олардың кәсіби бейімделуіне әкімшілік практикалық көмек көрсететін тәлімгер тағайындалады. Бұл түзетулер ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тартуды көздейді.

 

Гүлсезім Ақтас

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...