ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ

20:35, 22 сәуір 2019

Қостанайлық имамдар жаппай тест тапсыруда. Өңірімізде діни ілімдерге қызығушылық танытатын жандардың қатары күн санап көбейіп келеді. Осыған орай, имам-молдаларға қойылатын талап жыл сайын арта түсуде. Бес жылда бір рет өтетін сараптау аттестациясы барысында, дін қызметкерлері Құран мен шариғаттан бөлек, заң талаптарын жетік меңгеруі де негізге алынды. «Білімділік пен біліктілік арқылы еліміздің бейбітшілігі мен ынтымағына үлес қосып, болашаққа терең із қалдыру – негізгі міндет». Имамдар бас қосқан жиында еліміздің дін өкілдері осылай деді.

Биылғы сынақтың ерекшелігі – компьютерлік бағдарламадағы арнайы әзірленген сұрақтарға шектеулі уақыт ішінде жауап беріліп үлгеруі тиіс. Бұдан бөлек, діни қызметтеріне қатысты арнайы заңдарды да білулері қажет. Сынақ барысында имамдарға қойылған сұрақтар да дәл осы бағыттар мен құжаттар бойынша әзірленген.

Бүгінгі күні Қостанай өңіріндегі діни ахуал тұрақты. Облыс бойынша 35 мешіт болса, оларда 70-ка жуық имам жұмыс істеуде. Діни уағыздарға қызығушылық танытатын өңір тұрғындарының қатары да күн санап артып келеді. Ал, бұл жағдайда дін қызметкерлері оларға дұрыс бағыт көрсете білулері тиіс. Сондықтан, қостанайлық имамдар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін сынауға түгелдей дерлік атсалысты.

Айта кетейік, елімізде 3 мыңнан астам мешіт бар. Оларда 6 мыңға тарта дін қызметкері еңбек етуде. Имамдардың басым бөлігінен сынақ алынған. Қостанайлықтардан кейін, еліміздің өзге өңірлерінің дін мамандары емтихан тапсырады. Осылайша, кезекті аттестаттау шаралары  дін мамандарының  біліктілігін күшейтіп, білімдерін толықтырып отыруға жол ашпақ.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
20:32, 22 шілде 2019
ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...