
Қостанай облысында іс - сапармен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова қоғамдық қабылдау өткізді. Әлеуметтік жәрдемақылар, тегін тамақтандыру, заңға енгізілген жаңашылдықтар. Жамағаттан түскен негізгі сұрақтар осы мәселелерді қамтиды. Қоғамдық қабылдау барысында азаматтарға заң аясында құқықтық көмек пен қажетті кеңес берілді.
Әсемгүл Бектемісова 4 баланың анасы. Отбасының табысы аз. Жұбайы екеуінің тапқаны тамақтан артылмайды. Тұңғышы Қостанай қаласындағы нөмірі 23 мектепте оқиды. Ата ана ұлын тегін тамақтандырумен қамту жағын қарастыруды сұрайды. Қоғамдық қабылдауға осындай мәселемен келген.
Әсемгүл Бектемісова көпбалалы ана ретінде есепке алынбаған. Осы шаруаны реттегеннен кейін, қажетті құжаттарды жинап, мектеп басшысылығына апаруды ұсынды депутат. Қалалық білім беру бөлімі қолдан келгенше көмек беретіндерін жеткізді.
Ауған соғысының ардагері қоғамдық қабылдауға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау мәселесімен келген. Бұл сұрақ бірнеше мәрте көтерілген болатын.
Депутат Ирина Аронова барлық өтініштер назарға алынып, тиісті мерзімде шешілетінін айтты.