ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫН ТЕКСЕРУ БОЙЫНША РЕЙД ӨТТІ

20:32, 20 наурыз 2020

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық түнгі клубтар, тойханалар, шатханалар мен көңіл көтеру орындары кешкі сағат 22:00-ден кейін жұмыс істемеуі керек. Осы ортақ тәртіпке бағынбағандарға әкімішілік жаза қолданылатыны әуелден-ақ айтылған болатын. Осы орайда қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында тәртіп сақшылары мен жергілікті билік өкілдері Қостанай қаласы көлемінде рейд өткізді. Ережені ескермегендер бар ма? Толығырақ тілшіміз әңгімелейді.

Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау - тұрғындарға артылған жауапкершілік. Алайда, елдегі төтенше жағдайға қатысты ережені орындау түгілі төтенше жағдайдың жарияланғанын да білмейтін қостанайлықтар бар. Мысалы, мына кофеханада меймандар   кешкі сағат оннан кейін де демалуды жалғастырған. Осыған байланысты, аталған нысан иелеріне қонақ қабылдағандары үшін қатаң ескерту жасалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Негізі ойын-сауық орындарында 22:00-ден кейін тек сол нысанның жұмысшылары ғана тазалық шараларын жүргізіп, келесі күнге әзірлік жасайды. Ал, былай сауық-сайран құруға қатаң тыйым салынған. Сол себепті, қорқорға құмар қостанайлықтар жиналатын нысан иесіне де тиісті шара қолданылды. Белгіленген уақыттан асып, келушілерді қарсы алғаны үшін айыппұл салынды.

Рейд барысында анықталғандай, ережені ескермеген демалыс орын иелерінің дені «Біз білмедік, сол себепті келушілерді қабылдадық» деп ақталады. Қалай болған жағдайда да олар жауапкершіліктен құтылмайды.

Бұл ретте демалыс нысанының басқарушысының айыбы арта түспек. Біріншісі, ол келушілерді қабылдағаны, екіншісі заңды білмегені үшін. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Тақырып бойынша материалдар

ТЖ режиміндегі театрлар мен кітапханалар
20:48, 6 сәуір 2020
ТЖ режиміндегі театрлар мен кітапханалар
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙДА АРНАЙЫ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
20:38, 6 сәуір 2020
ҚОСТАНАЙДА АРНАЙЫ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛ...
Толығырақ...
Қостанай қаласында 7 санитарлық бекет жұмыс істейді
20:31, 6 сәуір 2020
Қостанай қаласында 7 санитарлық бекет жұмыс істейді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУДА
20:47, 1 сәуір 2020
ТЖ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР ҚОЛДАУД...
Толығырақ...