ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРМЕЙДІ

20:38, 19 қазан 2020

Демалыс күндері Қостанайда автобустар жүрмейді. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты қысқарып, сауда - ойын орталықтарының қызметі уақтыша тоқтатылады. Облыс аумағында 20 қазаннан бастап осындай шектеу шаралары енгізіледі. Бұл туралы коронавирус індетінің алдын алу жөніндегі жедел штаб отырысында мәлім болды. Мониторинг топтар жүргізген рейд барысында санитарлық-эпидемиологиялық шараларды елемеген азамматарға қатысты 1104 хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдың көлемі 26 млн теңгеден асады.

Қостанайда қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нәсандары карантин тәртібін сақтамайды. Бұл COVID-19 індетінің жұқтыру қаупін жоғарлатып отыр.  Эпидемиологиялық  ахуалды тұрақтандыру мақсатында, облыс әкімінің төрағалығымен өткен жедел штаб  отырысында бірқатар  шектеу шаралары қабылданды.  Қоғамдық  тамақтану орындарына  түнгі 23.00 - ден кейін жұмыс істеуге тыйым салынған. Орын саны 30 адамнан аспауы тиіс. Және де аттракциондардың қызметі  тоқтатылды.  Демалыс күндері  қоғамдық көліктер  де жүрмейді.

ОБЛЫСТА КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛЕДІ

Жұмысы уақытқа тоқтаған нысандар қатарына: фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар мен сауналар кіреді. Бұл шектеулер 20 қазанда  күшіне енеді. 17 тамыз бен 15 қазан аралығында мониторинг топтар жүргізген рейдтер көптеген нысанда  санитарлық- эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталмай жатқандығын көрсетіп отыр. Барлығы 935 нысан  тексерілсе, 82 – нде эпидемиялық талаптар бұзылған. 1104 хаттама толтырылды.   26,2 млн.теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.   

Соңғы мәліметтер  бойынша  Қостанай өңірінде  COVID-19 коронавирус індетін 3 547   адам жұқтырған. 3 198  адам  жазылып шықты. Облыста коронавирус індетімен күрес жұмыстары қатаң бақылауда. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс.  Қарапайым сақтық шаралары вирустың таралу қаупінің алдын алуға көмектеседі. Архимед Мұхамбетов күнделікті өмірде осындай сақтық шараларын қатаң ұстанудың қажеттіліігн ескертті.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
20:04, 26 қараша 2020
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...