ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ДАЛА ЖӘНЕ ДИХАН ҚЫЗ

20:49, 18 қазан 2019

«Менің өмірім даламен байланысты». Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкер Светлана Михайленко өзі туралы осылай дейді. Ол диқан боламын деп армандамапты, алайда, оның ширек ғасырға жуық табысты жолы кім-кімді де сүйсіндіреді. Бүгінгі таңда кәсіпкер әйелдің бірнеше кәсіпорнында 300-ге тарта адам жұмыспен қамтылған. «Сарыбай» компаниялар тобының басшысы қараша айында елордада өтетін ауыл әйелдерінің республикалық форумына Қостанай облысының атынан қатысуға ниет білдіріп отыр.

Биыл диқандардың жағдайы мәз емес. Егін шықпады. Светлана Михайленко кейінгі жиырма жылдан астам уақытта дәл бүгінгідей қиын шақты бастан кешірмепті. Әзірге алқаптардағы жұмыс саябырси қойған жоқ, егіншілер астық сапасы үшін күресіп-ақ жатыр. «Сарыбай» компаниялар тобының егістігінде бидай ғана емес, зығыр, арпа, сондай-ақ, жасымық сияқты бұршақ тұқымдас өсімдіктер де өсіріледі. Қазір зертханаларда да жұмыс қауырт. Биыл мұнда заманауи құрылғы орнатылды. Жаңа швед жабдығының көмегімен астықтың ылғалын, балауызын, крахмалын, яғни, барлық көрсеткішін заматта білуге болады. Технология мен инновация – бұл бизнес тұтқасын ұстаған әйелдің жұмыстағы негізгі ұстанымдарының бірі.

Светлана Ивановна үнемі ізденісте. Жаңа серіктестерді өзі тауып алып, олармен өзі келіссөз жүргізеді. Ауыл шаруашылығы туралы сағаттап айтуға бар. Атасы осы саланың еңбек сіңірген қайраткері. Десе де, ол ауылда, алқапта қызмет етемін деп армандамапты. Қазіргі таңда кәсіпкер әйелдің бес кәсіпорны бар. Өздері сеуіп, өңдеумен, сатумен, өткізумен де өздері айналысады. Қарамағында – үш жүз адам.

Ауыл тағдырына бейжай қарамайтын әйелдер қараша айында Нұр-Сұлтанда өтетін форумда бас қосады. Оған Светлана Михайленко Қостанай облысының атынан қатысады. Кәсіпкер әйел маңызды жиында ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді көтеретінін айтады. Себебі, оның пікірінше, экологиялық таза өнімдерді пайданалғанда ғана дені сау, мықты ұлт қалыптасады.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар