ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» – ЖАҢҒЫРУҒА БАСТАЙТЫН ҚАДАМ

20:32, 14 наурыз 2019

Цифрлы Қазақстан! Елбасы тапсырмасына сай, ақпараттық технологиялар қазір ауыл шаруашылығы, денсаулық, білім, көлік, тұрғын үй, бизнес саласына жаппай енгізілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте оның нәтижелері туралы айтылды. Бүгінде 4 мыңдай тұрғын “SMART QOSTANAI” жобасының қызметін қолдануда. Бұл көрсеткіш күн өткен сайын өсуде. Сапа бар жерде сұраныс бар.

Ғаламдық жаһандану үдерісі үдеген сайын қоғамға қажетті ақпараттың қолжетімді болуының маңызы да артып келеді. Заман талабына сай, Қостанай өңірінде бірнеше сала цифрлы жүйеге көшуде. Дәрігердің қарауына  жазылу, тегін дәрі- дәрмектер, салық берешектері мен әкімшілік айыппұлдар, балабақша кезегіне тұру туралы мәліметтер “SMART QOSTANAI” мобилді қосымшасы арқылы қолжетімді.

Бірнеше жүйенің цифрлы форматқа ауысуы, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алады дейді сала мамандары. Мәселен, балабақшаға кезекке тұру электронды жүйеге ауысты. Бұл дегеніміз, кезекті адам емес арнайы жүйе құрайды.

Жоба әзірлеушілер  бұнымен тоқтап қалмақ емес. Тіпті,  қызмет түрлерін бұдан да ыңғайлы әрі тиімді қылуды мақсат етеді. Тұрғындар да өз тараптарынан  ұсыныстарын  жібере алады.

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
16:18, 23 наурыз 2019
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН АЛЫНДЫ
18:21, 21 наурыз 2019
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН АЛЫНДЫ
Толығырақ...
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар