ШҰҒЫЛ! «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН: ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ СМС АРҚЫЛЫ ШЫҒУҒА БОЛАДЫ

20:51, 11 қыркүйек 2019

Зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі проактивті әдіс арқылы қолжетімді болмақ. Яғни, пилоттық жобның іске қосылуына байланысты енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтерді тұрғындар sms-хабарлама арқылы ала алады. Пилоттық жобаның тиімділігі жайында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері мәлім етті.

Мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландыру – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында басымдық берілген негізгі бағыт. Ақпараттық технологияның артықшылығы  халықтың уақытын үнемдеп, қаржы шығынын қысқарту. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақы төлемдерін ресімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді проактивті тәсілінің пилоттық жобасын  іске қоспақ.

Яғни, бұл қызмет азаматардың келісімімен SMS-хабарлама арқылы автоматты түрде жүзеге асырылмақ. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арқылы орындалады.Еңбек өтілі жайындағы барлық мәліметтер бірыңғай еңбек келісім - шарттарының базасына енгізіледі.  Салымшының жинақ сомасы, үкімет тарапынан төленетін жарна, зейнетақы мөлшері есептеледі.

Пилоттық жоба Қостанай облысында жақын күндері енгізілмек. Осылайша, азаматтар электронды ресімдеу шараларының тиімділігін бағаламақ.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 468 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ
20:55, 16 қыркүйек 2019
КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 468 ШЕТЕЛДІК АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
20:49, 16 қыркүйек 2019
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
20:59, 12 қыркүйек 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: МАҚСАТ – АЙҚЫН, БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН!
Толығырақ...
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
18:20, 10 қыркүйек 2019
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
Толығырақ...