ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ЦИФРЛАНДЫРУҒА ҚАТЫСТЫ БІЛІМ САЛАСЫНДА ШИКІЛІК КӨП

20:30, 9 қыркүйек 2020

Қашықтан оқыту жүйесіндегі олқылықтарды Мәжіліс депутаттары сынға алды. Депутаттардың сөзінше Білім саласын цифрландыруға соңғы тоғыз жылда 72 млрд. теңге бөлінген. Оның 30 млрды е-ленинг электронды оқыту жүйесіне бөлінген.

Пандемия – білім саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Соның бірі цифрландыру саласындағы сан сұрақ. Бірнеше министрліктің бірігумен жасалған 7 онлайн платформа  жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Жүйесіздіктен оқу процесі үзіле береді, ал ата-аналардан шағым көп. Дәстүрлі оқу мен онлайнның ортасында жүрген бастауыш мұғалімдеріне жүктеме көбейді.  Интернеттің сапасы да айтыла айтыла жауыр болды.

ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУІМІЗ КЕРЕК

Депуттатар білім саласындағы жүйесіздікті жою үшін дәстүрлі оқыту жүйесіне көшу керек дейді. Олардың сөзінше қазақ елі талай қиындықтарды еңсерді. Бірақ ешуақытта білім ордасы жабылмаған. Ол кездегі беймделу бүгіннен де қиын еді. Соған қарамастан білім саласы ақсаған жоқ. Ал қазіргі жағдай тым басқа.

Иә біздің елдегі қашықтан оқыту жүйесін Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай сияқты елдермен салыстыруға келмейді. Егер оқушылар мен студенттер  бұрыңғы оқу жүйесіне көшпесе білім сапасы нашарлап, балалардың білім алуы құқығы шектеледі. Білім саласындағы былықты тізбектеген депутатттар министрліккке екі талап ұсынды. Бірі қашықтан оқыса білім беру жүйесі  әр оқушыға қолжетімді болу керек. Немесе бұрыңғы дәстүрлі оқыту жүйесіне көшу керек.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...