ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

Челябі мемлекеттік университеті: Түлек – 2017!

17:52, 13 шілде 2017

Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай қаласындағы филиалында 500-ге жуық студент армандаған дипломдарына қол жеткізді. Бұл оқу ордасының басты мақсаты – жастардың білім деңгейін жоғарылату, түлектерге жарқын жол ашу. Үлкен өмірге дәл осы білім беру мекемесінен жолдама алған студенттер республикамыздан тыс, шетелдерге барып оқуларын жалғастыра алады.

Түлектердің орындауында университеттің әнұраны салтанатты түрде шырқалды. Бұл оқу орынның қабырғасында төрт жыл жоғары деңгейлі ұстаздар мен ғылым докторлары жас мамандарға дәріс беріп даярлады. Қоштасу сәті де кеп жетті, көңілді қимастық сезім торлады.

Заңгерлер мен қаржыгерлер, қазақ және орыс филологисы тағы да басқа көптеген факультет студенттері дипломдарын алды бүгін. Түлектердің ертеңгі күніне де ертеден қам- қарекет жасалған. Оларды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша университет ұжымы бірқатар кәсіпорындармен келісім шартқа қол қойыпты.

Бас-аяғы биыл, бұл білім беру мекемесінен сырттай және күндізгі оқыту бөлімінің 500-ге жуық студенті түлеп ұшты. Олардың осынау қуаныштарына ата-аналары, ұстаздары және түрлі мекеме-ұйымдар мен кәсіпорын өкілдері қатысты. Атаулы күннің аяғы концерттік бағдарламаға ұласты.

Тақырып бойынша материалдар

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
13:00, 24 сәуір 2018
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
Толығырақ...
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:46, 23 сәуір 2018
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар