ШҰҒЫЛ! УАҚЫТТЫ БІР САҒАТ КЕЙІН ШЕГЕРУ ТИІМДІ МЕ? Толығырақ

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

20:53, 22 тамыз 2019

Челябі облысындағы қазақ диаспорасының өкілдері Қостанайда! Көрші мемлекеттен аймағымызға бір топ делегация келді. Басым бөлігі – тіл мамандары. Айтуларынша, ресейлік қандастарымыз өз ана тілін меңгеруге құлықты. Алайда, өзге елде қазақ тілінің кенжелеп қалғанын да жасырмайды. Сондықтан, олар тобылдық әріптестерімен тәжірибе бөліспек.

Алтыншаш Тасқаранова – Челябі облысы, Верхне-Уральский ауданының байырғы тұрғыны. Өз отбасымен өмір сүріп жатқан ауданда 3,5 мыңға жуық қандастарымыз бар екенін айтады. Алайда, мектептер мен балабақшалардың дені орыс тілінде болғандықтан, ана тілін ұмытып бара жатқан оқушылар бар екен. Сондықтан, олар ана тілін меңгеруге құлықты екен.

Челябі қаласының «Жақсылық» қазақ ұлттық орталығы мен Верхне-Уральский, Чесменский, Агаповский, Уйский аудандарының мұғалімдерінің Тобыл топырағына табан тіреуінің түпкі мақсаты – қостанайлық әріптестермен тәжірибе алмасу. 40 мыңға жуық қандастарымыз тұратын облыс пен біздің өңір арасындағы қарым-қатынасқа биыл 10 жыл екен.

Семинар барысында ресейлік мұғалімдер қазақ тілін үйретудің қостанайлық үлгісіне қанығады. Жергілікті оқытушылар оларға шеберлік сағаттарын көрсетіп, заманауи әдістеме бойынша қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді. Бұл - біріншіден, туған тілімізді сақтаудың амалы болса, екіншіден, қос ел қазақтары арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайту.

Тақырып бойынша материалдар

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУ – ӘЛЕМ ХАЛҚЫН БЕЙБІТШІЛІККЕ ҮНДЕУ
20:30, 20 ақпан 2020
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН БАС ТАРТУ – ӘЛЕМ ХАЛҚЫН БЕЙБІТШІЛІККЕ ҮНДЕУ
Толығырақ...
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
20:24, 17 ақпан 2020
Г. САРИНАНЫҢ «АБАЙДЫҢ ӘН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Толығырақ...