ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

БУБЛИКТЕР ЖАНҰЯСЫ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСАДЫ

21:07, 3 қыркүйек 2019

2013 жылдан Елбасының бастамасымен басталған «Мерейлі отбасы» байқауы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 7-ші қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында аталмыш сайыстың республикалық кезеңі өтеді. Онда өңіріміздің намысын Федоров ауданынан Бубликтер отбасы қорғайтын болады.

Біздің түсірілім тобын Бубликтер отбасы егін алқабында қарсы алды. Қазір орақ маусымының қызған шағы. Егінді уақтылы жинап алу үшін босаңсуға болмайды. Өкініштісі, биыл құрғақшылық диқандарды біраз әбігерге түсірді. Егін бітік шықпады. Бірақ, Сергей мен Юрий Бубликтер мойымайды. Көп жылдар бойы осы салада жүрген олар бұдан да ауыр кезеңдерді өткізгендерін айтады. Бірігіп, түсністікпен істелген жұмыс сәттілікпен жолдас болады дейді олар.

«Беркут» серіктестігін 1996 жылы әулеттің үлкені Василий Бублик құрды.Балаларын еңбекқор болуды , кішкентай кездерінен баулыған. Мына бейнекадрларды біздің арна ағымдағы жылдың мамыр айында түсірген еді. Сол кезде Василий Емельянович ең алғаш ісін қалай бастағаны туралы және нағыз бақытты отбасы болудың қыр-сырын айтқан еді. Қазір ол кісі өмірден өтіп кетті.

Мерейлі отбасы байқауына қатысуға Василий Емельянович шешім қабылдапты. Облыстық кезеңде Бубликтер отбасы үздік атанды. Енді 7-ші қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында байқаудың  республикалық кезеңі өтеді. Бубликтер отбасы осы кезеңде Қостанай өңірінің намысын қорғайтын болады. Бірақ, әкелерінсіз. Сонда-да, жеңуге барлық мүмкіндік бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар