ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

БРУЦЕЛЛЕЗ БЕ, ӘЛДЕ БАСҚА БӘЛЕ МЕ?

20:30, 29 маусым 2020

Қостанай ауданындағы Рыспай ауылының тұрғындары бар малымыздан айырылып қаламыз ба деп абыржулы. Себебі бір айдың ішінде олардың 75 бас ірі қарасын бруцеллез деген желеумен алып кеткен. Бірақ кейін солардың үшеуінен ғана нақты жұқпалы дерт анықталыпты. Қалғандары күмәнді деген диагнозбен пышаққа іліккен. Жақында тексерушілер тағы келеді деп отыр.

Баршагүл Есболатованың үш сауынды сиыры бар. Күніне алатын 30 литр сүтінен қаймақ-майын айырып, артылғанын өткізеді. Бүтін бір отбасы осы төрт-бес тұяқты малға қарап отыр.Ертең алып кетсе не болады деп налиды.

Бұл мәселе тек Баршагүлді емес, осындағы бар жұртты мазалайды. Өздерінің айтуынша, бір аптадан бері мұнда Күлтөбенің басында күнде жиын.

Иә, халықтың көкейінде сұрақ көп. Әсіресе күмәнді деген диагноздың не білдіретіндігін түсінбей дал.

Ауылдықтардың айтуынша жылда бруцеллез әрі кеткенде 3-4 бастан шығатын. Бірақ мұндай жаппай ауруға шалдығу болған емес. Оған вакциналациялау ерте көктемде мал қорада тұрғанда қолға алынбай , өріске шыққанда жүргізілуі негізгі себеп болуы мүмкін дейді.Ал бұл пікірге қатысты аудандық бас ветеринардың айтар  өз уәжі бар.

Рыспайлықтар осы мәселенің ақ-қарасын анықтауды сұрап, облыс, аудан әкімдігіне  хат жолдады. Бізден кейін бүгін аудандық денгейдегі жауапты мамандар, билік өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесуге барыпты.Бір анығы ауыл карантинге жабылады. Республикалық арнайы отряд келіп, малдарды қайтара тексереді. Ал караниеннің қаншаға созылары әзірге беймәлім.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар