ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

16:50, 17 шілде 2017

Қостанайда жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпкерлер қатысып, сан алуан мамандықтар бойынша қызметтер ұсынды. Халықты барынша жұмыспен қамтуды мақсат еткен жәрмеңке барысында 100-ге жуық адам тіркеуге алынды.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Негізгі мақсат - жұмыс іздеген азаматтарды еңбекпен қамтып, лайықты іспен айналысуға мүмкіндік ашу. Сондай-ақ оқуын енді тәмамдап, дипломын қолына алған жастарға жұмыс табуға жәрдемдесу.  

Осы шара аясында жоғары оқу орнын жуырда ғана тәмамдаған Әсем Сыздық бүгін өз мамандығы бойынша жұмыс тапты.

Игі бастама арқасында Әсем сияқты жұмысқа орналасқандар көп болды бүгін. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі барысында бірі инженер, бірі құрылысшы енді бірі мемлекеттік жұмысқа орналасты.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл жұмыс беруші мекемелер саны артқан.  Сонымен қатар, халықаралық дәрежедегі кәсіпорындар және таяуда ашылатын «Қостанай Плаза» сауда үйіне қызметкерлер қабылдау белсенді жүргізілді.

Мүмкіндікті мүлт жібермеген қала тұрғандары енді орналасқан жаңа жұмыс орындарында қызмет етпек.

Тақырып бойынша материалдар

Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
13:26, 22 қыркүйек 2017
Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
16:06, 21 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
18:31, 20 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
Аналар күніне арналған мерекелік шара
18:32, 18 қыркүйек 2017
Аналар күніне арналған мерекелік шара
Толығырақ...
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
18:26, 18 қыркүйек 2017
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
Толығырақ...