ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

БОКСИТ ҚОРЫ САРҚЫЛДЫ

20:30, 11 қыркүйек 2020

Бір айдан соң Арқалық қаласындағы боксит кенін өндіретін кәсіпорын жұмысын тоқтатады. Бұған қазба қорының таусылуы себеп. Осының салдарынан кәсіпорында еңбек ететін 500-ден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал өндіріс басшылары мен жергілікті билік бұған жол бермейміз деп отыр.

Сонымен ұзақ жыл жыр болған Торғайдың боксит кені ақыры сарқылып бітті.  Бұған дейін жұмыс орындарын сақтау үшін кәсіпорын өндірісті кеміткен. Соның кесірінен үш жыл бойы шығынға баттық дейді басшылары.  Енді бір айдан соң жұмысшылар түгел босатылады. 

Кәсіпорын бірқатар жұмысшыларға вахталық әдіспен өзге кен орындарына баруды ұсынды. Бірақ оған бәрі бірдей келіспеді. Ал жұмыспен қамту орталығы ұсынған орындардың жалақысын азсынады. Жұмысшылардың енді бір тобы қала маңындағы жаңа кен орнын игеруді талап етіп отыр. Тіпті оның бизнес жоспарын да дайындапты.

Компания басшылығы кеншілердің бизнес-жоспарын құптап отыр. Қазір тиімді тұстарын зерттеу үстінде. Жергілікті билік те бос орындар ұсынып жұртты жұмыссыз қалдырмаудың қамын жасап жатыр.

Қаланың өзінен 68 адамға жұмыс табылған. Тағы 100-ге жуық кенші Рудный, Лисаков қаласында вахталық әдіспен еңбек етуге келісіпті. Қалған 300ден астам адам әзірге жұмыссыздар санатында.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...