ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«БІЗ – ЖЕҢІСТІҢ МҰРАГЕРІМІЗ» ЭСТАФЕТАСЫ

20:12, 12 наурыз 2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай ел көлемінде мән-маңызы зор игі шаралар іске асырылып келеді. Солардың бірі - «Біз – Жеңістің мұрагеріміз» атты республикалық эстафета. Еліміздің батыс өңірінен жолданып, Қостанай жерінде жалғасқан бастаманы жергілікті жұрт қалай өрбіте білді? Толығырақ тілшіміздің репортажынан біле аласыздар.

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз» эстафетасы ел көлемінде 5-ші ақпаннан бастап іске асырылып келеді. Ерлікті насихаттаған бастама 5-ші мамырғы дейін ұласады. Осы күнге дейін өзге өңірлерде көрініс тапқан маңызды шара Қостанай жерінде салтанатты түрде жалғасты.

Бұл  эстафетаны жүзеге асыру – ҚР Ішкі істер министрлігінің тарапынан түскен тікелей тапсырма. Шараның негізгі атрибуты – Панфилов атындағы сегізінші гвардиялық Жауынгерлік Туының көшірмесі. Жеңіске жетуіміздің негізгі нышаны болған жалау кезегі келгенде облыс орталығында желбіреді. Бастама билік тарапынан зор қолдауға ие болды.

Ұлы Жеңісті ұлықтау – ұрпақ парызы. Кешегі қан майданда қандай қиыншылық  көргенімізді кейінгі толқын өкілдері білуі керек. Сол себепті, майдангер ретінде осындай шараның көптеп көрініс тапқанын қалаймын, - дейді аға буын атынан сөз сөйлеген соғыс ардагері

Біз – Жеңістің мұрагеріміз» эстафетасы облыс орталығындағы барлық құқық қорғау органдарын қамтыды. Шарада Ұлттық Ұлан сапындағы әскери қызметкерлер, полиция департаментінің өкілдері және әскери-патриоттық клуб мүшелері белсенділік танытты. Енді эстафетаны қостанайлықтардан Көкшетау қаласы қабылдайды.

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...