ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

20:19, 26 наурыз 2020

Қостанайда «Біз біргеміз» акциясы өтуде. Бұл бастаманы бас партия бастаған. Оның аясында облысымыз бойынша 3000 адамға көмек көрсетіледі. Nur Otan партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жалғыз басты қарттарға, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аса көмек қажет дейді. Сондықтан үй-үйді аралап, азық-түлік пен дезинфекциялық заттарды таратып жүр.

Көп балалы ана Татьяна Гаудың отбасына дезинфекциялық заттар аса қажет. Карантин кезінде қалада антисептик құралдар да оңай табыла қоймайды дейді ол. Оның үстіне, сұйықтық тез таусылып қала беретіндіктен, қалтаға айтарлықтай салмақ салады.

Мерекелік демалыс күндері де жұмысты тоқтатпаған жастар мен еріктілер, партия өкілдері ."Кедергісіз келешек", "Бақытты отбасы" және "Ардагерлерді ардақтайық" жобалары аясында көмекке зәру қариялар,мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік жағдайы өте төмен тұрғындарға қолдау көрсетті.

Төтенше жағдай уақытында «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы әр бір ауданда қызу жүзеге асып, әрі қарай да жалғаса бермек. Қала бойынша қайырымдылық жасауға ниет білдірушілер еріктілер қатарына қосылуларына, сондай-ақ кез-келген азамат өз қолұшын созуға болады.

 

Тақырып бойынша материалдар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...