ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫ БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН АУДАНЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

20:24, 4 ақпан 2020

«Біз біргеміз» челленджіне қатысушылар қатары көбею үстінде. Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары да бұл істен сырт қалған жоқ. Жергілікті мемлекеттік қызметкерлер жалпы халықтық науқанға білек сыбана кірісті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан шара қалай жалғасын тауып жатқанын тілшіміз баяндайды.

Соңғы күндері еліміздің көптеген өңірінде тоқтаусыз соққан боран тұрғындарды әбігерге салды. Қар басқан жолдарды, нысандарды аршуға көмектесу үшін елде «Біз біргеміз» челленджі бастау алды. Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік қызметкерлері мен белсенді жастары ел көлемінде жүргізіліп жатқан акциядан шет қалмай, қолдарына күректерін алып, қар тазалауға шықты.

Қайырымдылық жасау үшін қыруар ақшаның болуы міндетті емес. Бастысы адамгершілікті биік ұстап, мұқтажға жан жылуын сыйлау. Аталмыш шара осыны айқындап тұрғандай.

Қайырымдылық – жүректің нұры, көңілдің қуанышы. Қоғамды жақсылық пен мейірімділікке ұйытатын амал да осы мұқтажға көмек. Сондықтан Бейімбет Майлин ауданының мемлекеттік қызметкерлері құр науқан қуалап, челленджі өзгеге жолдаудан гөрі, игі іс істеу әркімнің күнделікті әдетіне айналса дейді.

 

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар