ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫ

20:41, 31 наурыз 2020

Облысымызда мыңнан астам осал топтағы отбасыға гуманитарлық көмек көрсетіледі. Қазірдің өзінде «Біз біргеміз!» акциясы аясында 700-ге жуық жанұяға қажетті азық-түлік пен гигиеналық заттар жеткізілген. Бұл туралы «Жас отан» жастар қанатының мүшелері айтты. Жалпы қайырымдылық шараға республика бойынша 2 мыңға жуық ерікті жұмылдырылды.

Қызу жұмыстың басталғанына 10 күндей болды. Күн сайын облысымыздың әр аймағында атаулы әлеуметтік көмектің тізіміне кіретін отбасыларға арнайы медициналық жабдықтар мен азық-түлік салынған себеттер таратылады. Бүгін де қайырымдылық жасауға асық азаматтардан құралған топ күнделікті жұмыстарына кірісіп кетті. Солардың бірі Тұрсын Айтөре. «Нұр Отан» партиясының Қостанай қалалық филиалының мүшесі "қиын кезеңде бірлігіміз сыналады» дейді.

Қажетті заттармен бірге тұрғындарға жұқпалы індеттен сақтану үшін қауіпсіздік ережелері жазылған арнайы түсіндірме қағаздары таратылуда. 6 баланың анасы Анаргүл Бекжанова акция ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Мұндай шара елдегі барлық өңірді қамтымақ. Айта кетейік, бұл игі бастама елде төтенше жағдай аяқталғанша жалғаса береді. Елбасының тапсырмасымен аталған шараға  партия 150 млн теңге қаржы бөлген болатын.

Тақырып бойынша материалдар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАНДЫ
20:35, 27 мамыр 2020
НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ БОЙЫНША 53 МЫҢ ӨТІНІШ МАҚҰЛДАН...
Толығырақ...