ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

20:30, 10 тамыз 2020

Биыл Қостанай облысында 29 елді мекенге сапалы ауыз су тартылады. Тозығы жеткен су тарту желілері мен құбырлар да жаңғыртылады. Барлық жобаларды жүзеге асыруға 15 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Мысалы Сарыкөл ауданында жыл соңына дейін екі ауыл орталықтандырылған су желісіне қосылады.

Меңзипа Шайсұлтанова аптасына екі рет үйдегі бос құтыларды көшеге шығарып қояды. Автоцистернаны күтумен болады.    

Сорочин ауылының тұрғындары судың мұндай зардабынан биыл құтылады. Сыйымдылығы 150 текше метрден болатын сорғы станциясының құрылысы мамыр айында басталған. Тіршілік көзіне қосылуға ниеттілер күннен-күнге өсіп келеді, дейді ауыл әкімі.  

Жалпы облыста биыл 57 сумен қамту және су тарту жобаларының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Ал орталықтандырылған су жүйесіне қосылатын ауылдардың санын 174-тен 189-ға дейін ұлғайту мақсаты қойылған.

Алдағы уақытта 40 жобаның сметалық құжаты дайындалады. Өз кезегінде бұл сапалы ауыз суға 67 ауылдың немесе 72 мың адамның қолын жеткізеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...