ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

20:30, 11 тамыз 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты «Тәрбие және білім» тақырыбына арналады. Ол бойынша облысымыздағы жалпы білім беру мекемелерінде 124 жоба жүзеге асырылды. Оған 290 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қолға алынған бастамалар отбасылық құндылықтарды дамыту мәселелері, мектептердің материалдық-техникалық қамтылуы мен жас мамандардың жағдайын жақсартуға бағытталды. Ауыл-аймақтарда балабақшалар жөнделіп, спорттық алаңдар бой көтерді.

Науырзым ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәдениет үйі ішінен Ардагерлер клубы мен ұлттық жәдігерлер мұражайы ашылған. Бұл,  келешек ұрпаққа өз туған жерінің, халқының тарихына терең бойлауына, олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға зор септігін тигізуде.

Жалпы ауданда әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар ауыз толтырып айтарлықтай. Көптеген нысандар жөнделіп, ауыл–аймақ ажарлана түскен. Көпшіліктің кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында ашық аспан асытында кітап сөресі де жұмыс істеп тұр. Ұлттық сананы дамыту үшін әрбір қазақстандық барлық жағынан үнемі дамып отыруы керек. Сонда ғана біз ел болып, ұлт болып Тұңғыш Президентіміз алға қойған міндеттерді қиындықсыз орындай аламыз, дейді елді мекен тұрғындары.    

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...