
Өнер білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. Айшылық алыс жерлерден Көзді ашып жұмғанша, Жылдам хабар алғызды. Ұлы ағартушы Ыбырайдың білімге шақырған бұл өлеңін кеше қазақ үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев үлкен жиында жатқа оқып, жастардың жаңа заманға лайық болуын меңзеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған үшінші өрлеу кезеңі мен рухани жаңғыруға арналған мәжілісте өндіріс, ауыл шаруашылығы, шағын несие, медицина мен білім, тұрғын үй құрылысы секілді қоғам үшін маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.