ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

20:49, 16 қыркүйек 2019

Бес әлеуметтік бастама бойынша өңірде табыс салығын азайту, шағын несие алу көзі, газбен қамтамасыз ету, баспанамен қамтамасыз ету, сондай ақ, студенттерге жоғары білім беру мәселелері оңтайлы шешім табуда. Бес бастаманың 2-ші бағыты, яғни, жалақысы төмен еңбеккерлердің еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту бағытында да жұмыс қарқынды.

Елбасы ұсынған бес бастаманың бірі – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Салық жүктемесінінің азайғаны – халыққа орасан пайдасын тигізіп отыр.. Оның игілігін елдегі 2 миллионнан астам жалақысы төмен азамат көріпті. Төмен жалақы алатындардың кірісін көбейту көптеген кәсіп түрлерінің мәртебесін көтеруге мүмкіндік берді дейді мамандар.

Бүгінде өңірімізде қара жұмыс істеуге ниет білдіретіндер қатары аз. Басты себеп - жалақының аздығы. Ал әлеуметтік бастамаға сәйкес, тапқан табыстың 10 пайызы ұсталмай, тек бір пайызы ғана алынып отыр. Яғни қалған 9 пайыз қаражат еңбекақыға қосылады. 60 мың теңге алатын жұмысшының жалақысына қосылған сол 5-6 мың кәдімгідей көмек болып отыр дейді мамандар.

Салық кодексінде жалақысы 63 125 теңгеден төмендер үшін өзгерген тәртіп – жеке табыс салығының прогрессивті шкаласының жемісі. Мамандар, өңір бойынша барлық жұмыс берушілер өзгерістерімен танысып, егжей-тегжейлі талдау жүргізілгенін айтады.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
20:45, 21 қазан 2019
119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...