ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖАСТАРҒА КӨМЕК

20:13, 13 қазан 2020

Қостанай ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда. Бағдарламаның екінші бағыты «Бизнес бастау» жобасы аясында 113 адам арнайы курстан өтті. Олар өз жобаларын сәтті қорғап, жеке істерін ашқан.

Тобыл қаласының  тұрғыны Илья Кукоба  жеке кәсібін дамытуға  үкімет бағдарламасы бойынша  өтемсіз несие-грандқа қол жеткізіпті.Нәтижесінде, жыл өткен сайын табыс көзіне айналып жатқан интернет маркетинг саласында кәсіп ашқан.
Илья секілді Қостанай ауданының көптеген жастары қазір бизнестің қыр-сырын меңгеріп, кәсіп ашуда.Сондай-ақ, жұмысшыдан жұмыс берушіге айналғандардың қатарында көп балалы аналар, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар

Жалпы мемлекеттік бағдарлама бойынша Қостанай ауданында 2279 адамды жұмысқа орналастыру мақсаты тұр. Айта кетейік,жыл соңына дейін 60 шақты адам грант ретіндегі қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді. Осындай мемлекеттік көмектің арқасында қаржы көзін іздеп жүргендер кәсіп ашып, өз ісін өркендетуге мүмкіндік алмақ. Ал бұл ел экономикасына оң әсерін тигізетін болады.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...