ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

«БАСТАУ БИЗНЕС»: НЕСИЕ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

20:30, 9 қыркүйек 2020

Қарасу ауданында биыл "Бастау бизнес" жобасы бойынша бөлінген шағын несиенің көлемі екі еседей өсті. Жергілікті билік әсірісе, өндіріске икемі бар тұрғындардың бастамасын қолдауға ықылас танытып отыр. Бүгінде жоба бойынша мемлекеттік грант ұтып алған азаматтар бірнеше бағыт бойынша кәсібін дамытуда.

Осыдан 1 жыл бұрын Виктория Кочурова жұмыссыздардың қатарында болған еді. Ал қазіргі күні 28 жастағы Қарасу ауданының тұрғынының өз жеке бизнесі бар. Ол жобасын сәтті қорғап, 505 мың теңге көлемінде грант иегері атанды. Қазір Виктория мерекелік кештерді безендірумен айналысады. Карантин аяқталысымен кәсібін дөңгелететіне сенімді.

Болашақта жас кәсіпкер кәсібін дамытып, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді. Айтуынша, Қарасу ауданында аниматрлік бағытта қызмет көрсету саласы жоқ. Сондықтан сұраныстың жоғары боларына күмәні жоқ. Жалпы ауданда «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша 22 адам жеке кәсібін ашқан. Ол үшін 94 млн теңге қаржы бөлінген.

Осылайша, Қарасу ауданында қайтарымсыз несие алып,  табыс тауып отырған кәсіпкерлер саны артып келеді. Келер жылы жергілікті билік "Бастау бизнес" жобасы аясында бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ
20:30, 21 қыркүйек 2020
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...