ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

13:24, 11 ақпан 2019

«Нұр Отан» партиясы жанынан Балалар құқығын қорғау жөніндегі Кеңес құрылды. Мақсат - көп балалы отбасыларға қолдау көрсетіп, аналарға қажетті жағдай жасау туралы ұсыныстар мен шаралар даярлау. Сондай-ақ, балалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қорғау. Толығырақ..

Елбасының тікелей тапсырмасымен құрылған Кеңес - Қазақстанның барлық аймақтарында әрекет етеді. Мақсат - кішкентай баласы бар ата-аналардың жұмыс істеуіне жағдай жасау, көпбалалы отбасыларды демеу, балаларды қорғау жөніндегі заңды талдау және балалар құқығы бұзылуы фактілерін қарау. Қоғамдағы балалар және аналар мәселесіне қатысты қалыптасқан ахуалды ескере келе, партия Кеңестің алғашқы отырысын да өткізген.  

Кеңес мүшелерінің айтуынша, Балалар құқығын қорғау кеңесінің өзінің жеке сайты болады. Онда қазақстандықтар өз талаптары мен өтініштерін қалдыра алады.

Осылайша «Нұр Отан» партиясы еліміздегі балалар құқығын қорғау мәселесін түбегейлі қайта қарап, осы бағыттағы заңнамаларды талдап, жас буынның заңдық мүдделерінің бұзылмауын қамтамасыз етуге ден қойып отыр.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
16:18, 23 наурыз 2019
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫ НҰР-СҰЛТАН БОЛЫП ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН АЛЫНДЫ
18:21, 21 наурыз 2019
АБАЙ ДАҢҒЫЛЫН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН АЛЫНДЫ
Толығырақ...
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
18:08, 20 наурыз 2019
Н.НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар