ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАУІПТІ ОЙЫНШЫҚТАР ТӘРКІЛЕНДІ

20:11, 13 ақпан 2020

Облыстық тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті сауда нүктелерінде балалар денсаулығына қауіпті деп танылған ойыншықтарды анықтап, оларды дүкен сөрелерінен алып тастады. Ведомство қызметкерлері айтқандай, өңірімізде балаларға арналған ойыншықтарды тексерістен өткізу ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Осы орайда облыста былтыр 167 ойыншық сынамасы алынып, олардың 67-сі техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған. Тақырыпты тілші толықтырады.

Бала – адамның бауыр еті. Бала – болашақтың бейнесі. Сондықтан, әр ата-ана бар жақсыны баласына беріп, олардың жан-жақты жетілуі үшін ешбір аянып қалмайды. Әрбір ата-ана өз баласының ой өрісі дамыған, дүниетанымы кең азамат болып қалыптасуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Бүлдіршіндерінің қалағанын орындауға тырысады. Осы ретте ойыншықпен қамту мәселесіне мейлінше мән берген абзал. Өйткені, өңірде балалар денсаулығына қауіпті ойыншықтар анықталған.

Мамандардың мәлімдеуінше, қауіпті ойыншықтар көбінесе базарларда, жекелеген дүңгіршіктерде сатылады. Көпшілік бағасы арзан болған соң осындай орындарға жүгіреді. Бірақ әрбір ата-ана дүкендерден сертификат талап етіп, оның қауіпсіздігіне көз жеткізуге құқылы екені естен шығармағаны ләзім. Себебі, сапасыз ойыншықтар сіздің балаңыздың  денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінін түсініңіздер, -  дейді мамандар. 

Департамент өкілдерінің дерегінше, өткен жылы өңір бойынша тиісті талаптқа сай келмейтін ойыншықтарды саудалағаны үшін бірнеше тұлғаға 314 мың теңге шамасында айыппұл салынған. Тексеру шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Осы орайда  

бар жақсылық - балаға деген қанатты сөзді қаперде ұстап, перзенттеріңізге пайдасы мол, сапалы ойыншық сыйлаңыздар деп кеңес береді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...