ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

БАЛ ЖӘРМЕҢКЕСІ АШЫЛДЫ

20:57, 13 сәуір 2018

Бір келі бал сатып ал да, сыйлыққа ие бол. Мұндай мүмкіндікке қаламыздағы «Қостанай плаза» сауда орталығында қол жеткізе аласыз. ОБлыс орталығына таза табиғи жағдайда әзірленген ресейлік бал мен тосап мол жеткізілген. Тұрғындарға балдың 30-дан астам түрі ұсынылуда.

Сатушы Кристинаның жәрмеңкедегі жұмысы қарбалас. Денсаулыққа пайдалы  балды талғамына қарай таңдап жатқан тұтынушылардың қарасы қалың. Сатушы өнімнің сұрпын тәптіштеп түсіндірсе болды, қалғаны көпшіліктің өз еркінде.

Тіл үйіретін тәтті балдан дәм татып, талғамыңыздан шығып жатқан жағдайда ғана оны сатып алуға болады. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар тұтынушылар үшін пайдалы өнімнің кең таңдауын ұсынды. Алтай мен Башқұрт елінен келген мамандар әселдің 30-дан астам сұрпын жинапты. Олардың барлығы «Қостанай плаза» сауда кешеніндегі жәрмеңке сөрелерінен табылады.

Қостанайлықтар  үшін арнайы акция да өтуде. Яғни, өзіңіз қалаған 1 келі әселді сатып алсаңыз, сізге  хош иісті тағы бір келі балды сыйға тартады.   Жәрмеңкенің сәні бұл ғана емес — сөреге табиғи таза тосаптар да қойылған. Тәттіге құмарлардың қатарында балалардан бастап ересектер де бар. Әрқайсысының таңдауы әрқилы. Дегенмен, жаныңыз қалаған дәмді дәл осы жерден табасыз. Айта өтейік, бұл жәрмеңке 29 сәуірге дейін  жалғаспақ. Табиғат сыйынан сіз де құр қалмаңыз.

Тақырып бойынша материалдар

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
13:00, 24 сәуір 2018
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
Толығырақ...
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:46, 23 сәуір 2018
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар