ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫМЕН» БАСПАНАЛЫ БОЛУ ТЕТІГІ

18:04, 5 наурыз 2020

Бұқараны баспанамен қамтуға бағытталған басты бағдарламалардың бірі - «Бақытты отбасы». Осы орайда облыс тұрғындарынан наурыз айының 2-нен 6-на дейін өтініштер қабылдау басталғандығы айтылған болатын. Аталған игі жоба арқылы бүгінге дейін қанша жанұя баспаналы болу мүмкіндігіне ие болып отыр? Тілшіміз баяндап берсін.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іске асырылған «Бақытты отбасы» жобасы  тұрғын үй мұқтаждығын шешуге бағытталған. Бағдарламаға толық емес, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұялар  қатыса  алады. «Бақытты отбасы»  жобасы бойынша баспана алуға қанша өтінім келіп түсті? Жауапты мамандар мәлімдесін.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Қостанай қаласында баспаналы болу үшін 10 миллион теңге көлемінде қарыз беріледі. Бағдарлама талаптарына сай келген отбасылар ғана пәтерлі бола алады. Құжаттар қабылданғаннан кейін, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға пәтерлерді  бөлу тәртібін арнайы  комиссия шешеді.

Былтыр қабылданған «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қостанай қаласында 313 өтініш қабылданды. Нәтижесінде 114 отбасы көптен күткен пәтерге қол жеткізді.  Игі бастама бойынша биылғы жоспар 140 жан ұяны баспанамен қамту. Осы ретте, еске сала кету керек, «Бақытты отбасы» жобасына құжат тапсыру шараларының ертең соңғы күні.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...