ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

20:35, 17 наурыз 2020

Елімізде қауіпті індеттің алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Бақытты отбасы» жобасы аясында өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл ең алдымен тұрғындар қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Андрей Финк арна тілшілеріне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Елде төтенше жағддайдың енгізілуіне байланысты  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде  «Бақытты отбасы» жобасы аясында    өтініштер қабылдау  уақытша тоқтатылады. Өйткені, адамдар көп шоғырланған  орындар да  қауіп те еселей түсетіні аян.  Ал баспана алуға  өтінімдер қабылдау  15 сәуірде жалғасады.

Қостанай қаласы әкімі орынбасарының берген мәліметіне сенсек, «Бақытты отбасы» жобасы бойынша   бүгінге дейін 240 өтініш қабылданды.  Оның 28- і көпбалалы аналар. 40- ы мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Табысы төмен отбасыларды баспанамен қамтасыз етуге арналған бұл бағдарлама Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Шарттары да қолжетімді.  Несие  20 жылға дейінгі мергімге  беріледі.  Бастапқы жарна пәтер құнының  10%  құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі жылына 2%.  Бағдарламаға көп балалы және жанұясында мүмкіндігі шектеулі баласы барлар, сондай-ақ толық емес отбасылар қатыса алады. Қазіргі күні облыс орталығында 12 620  отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Былтыр аталған  жоба арқылы  114 отбасы көптен күткен пәтерге  қол жеткізіп, қоныс тойын тойлады.  Берекелі бағдарлама биыл да біраз  шаңырақтың бақытын еселемек.

 

 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...