ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ»: 79 ЖАНҰЯ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

20:37, 10 наурыз 2020

Мемлекеттік-әлеуметтік саясаттың ең басты бағыттарының бірі - тұрғын үй. Осы ретте Елбасы тапсырмасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы өңірде сәтті жүзеге асуда. Қостанайда бұл жолы 79 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Баспананы қолжетімді еткен бағдарламаға ризашылықтарын білдіріп, қоныс тойын тойлаушыларға біздің түсіру тобымыз да құтты болсын айтты.

Жылдар бойы пәтер жалдап келген Алтынай Ищанова қуашыным қойнына сыймай тұр, дейді.  «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 2 бөлмелі пәтердің кілтіне ие болды. Ол мемлекеттік бағдарламаның шарты тиімді екенін айтады. Себебі, жылдық 2 пайызбен 20 жылға дейін беріледі, бастапқы жарнасы 20 пайызды құрайды.

Облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алып, өз баспаналарына қол жеткізгендердің Үкіметке айтар алғысы  шексіз. Жазира Құрманова да бірнеше жылдан бері үй кезегінде тұрған. Енді, міне, мемлекеттік бағдарламаның шарапатын сезінуде.

Елбасы бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында бұл жолы 51 көпбалалы отбасы жаңа пәтермен қамтылды.  Баспана құрылысына 904 млн теңге жұмсалған. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл тағы 370 мың шаршы метр тұрғын үй тапсыру жоспарда бар.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы тікелей көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған. Қазіргі күні облыс орталығында 12 мыңнан астам  отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның 200-ге жуығы көпбалалы.   

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...