ШҰҒЫЛ! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар (Толық нұсқа) Толығырақ

Бақытты балалық шақ - бақытты отбасы

19:55, 11 қыркүйек 2017

Отбасы мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының мұрындық болуымен Қостанайда бірқатар іс-шаралар өтті. Партиялық жоба аясында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мультфильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Мақсат – жанұялық құндылықтарды нығайту, әрі насихаттау.

«Бақытты балалық шақ – бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында отбасын қолдау апталығы өтуде. Ұйымдастырушылар іс-шараны мультипликациялық фильмнің көрсетілімінен бастауды жөн көрді. Мультфильмді тамашалауға Рудный қалалық балалар үйі мен облыстық балалар үйлерінің тәрбиеленушілері,барлығы 92 бала мульт әлемге жолдама алды.

Көпшілік назарға ұсынылған мульт туынды «Гадкий я-3». Әрине аталмыш анимациялық фильмді көрсетілім үшін бекерден-бекер таңдамады. Себебі бұл мультфильмнің діттеген мақсаты  қандай қиындық туса да отбасы құндылықтарына берік болу. Жақындарыңа адал әрі кешірімшіл болуға шақырады.

Жалпы акция апта соңына дейін өз жалғасын табады. Бұнымен шектелмей облыстық, аумақтық деңгейде іс шаралар өткізілмек. Мысалы үлгілі отбасылармен кездесу,тренингтер,психологиялық кеңес кабинеттері, тақырыптық кездесулер жоспарланған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қоғамдық қабылдау: Заңгер кеңес береді
20:33, 19 қаңтар 2018
Қоғамдық қабылдау: Заңгер кеңес береді
Толығырақ...
Бүгін Амангелді ауданының құрылғанына 90 жыл!
14:17, 17 қаңтар 2018
Бүгін Амангелді ауданының құрылғанына 90 жыл!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұстаздар жалақысын көтеруге 3 млрд. теңге бөлінеді
20:30, 17 қаңтар 2018
Ұстаздар жалақысын көтеруге 3 млрд. теңге бөлінеді
Толығырақ...
Жолдау жүктеген міндеттер: Облыс активінің отырысы өтті
20:30, 16 қаңтар 2018
Жолдау жүктеген міндеттер: Облыс активінің отырысы өтті
Толығырақ...
Спортшыларға қосымша төлемақы тағайындалды
20:32, 15 қаңтар 2018
Спортшыларға қосымша төлемақы тағайындалды
Толығырақ...